СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЧАСЫ ПРИЕМА
9:00-18:00
пн,вт,ср,чт,пт

Мен, Нәбиев Әміржан Әміржанұлы 1973 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласында дүниеге келдім.

1995 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «психолог» мамандығымен аяқтадым.

            1996-1999 жылдар аралығында «Айхан» ЖШС кәсіпорынының қаржы директоры қызметін атқардым. Осы жерде алғашқы тәжірибе мен басқарушылық қабілетке ие болып, кәсіпкерлік пен нарық үрдісін талдай білуді үйрендім.

            1999 жылы Ақтау қаласында орналасқан орта көлемдегі Құрылыс-механика көлік құрастыру өнеркәсібінде маркетинг және басқару департаментінің директоры қызметін атқардым.

            Құрылыс саласындағы алғашқы еңбек жолын 2001 мен 2002 жылдар арлығында «Азия плюс С» ЖШС кәсіпорнын басқару арқылы  қол жеткіздім.

            2002 жылдан осы уақытқа дейін «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясын басқарып келемін.

            2009-2010 жылдары «Алматыжылукоммунэнерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып істегем. Осы аралықта қаланың жылу жүйелерін жетілдіре отырып, тұрғындардың маңызды мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қостым.

            Менің басқаруыммен «Атрикс-Строй» компаниясы Алматы қаласында «Жерұйық» тұрғын үй кешені жобасын іске асырды. Сонымен қатар Алматы облысы Есік қаласында ат спорты кешенін, Алматы облысы Талғар ауданында «Эдельвейс» балалар сауықтыру кешенін салып, Алматы қаласында «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталығын қайта жөндеуден өткіздік. 

            2013 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. Негізгі қызметімнен басқа Медеу ауданы мен Алматы қаласының қоғамдық өміріне белсенді араласа отырып, ардагерлер мен зейнеткерлерге құрмет көрсетіп, түрлі әлеуметтік қолдау көрсетуге тырысамын.

            Мен сонымен қоса Алматы қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қамқоршылар Кеңесінің, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС бақылау Кеңесінің,  «Южная столица» Телерадиокомпаниясы» АҚ директорлар Кеңесінің және «Алматыэлектротранс» ЖШС бақылау Кеңесінің тәуелсіз мүшесімін. Сонымен қатар, Мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағыты бойынша комиссия төрағасы болып табыламын.    

            Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен, Алматы қаласы Әкімінің, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталғам.

Үйленгенмiн, үш балам бар.

KZ
RU